Атырау қаласында қараша айының 10–13 күндері аралығында Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының гастрольдік қойылымдары өтеді.
Бұл сапарда театр ұжымы көрермен назарына бірқатар әсерлі туындыларды ұсынады. Олардың қатарында:
🦁 «Арыстан патша»,
❤️ «Ғашықпын саған»,
🏛️ «Әлиханның аманаты»,
🏡 «Шаңырақ»,
сондай-ақ Фариза мен Мұқағали шығармаларына арналған көркем қойылымдар бар.
⛰️ Маң дала өнерпаздарының өнері — енді Ақжайық төрінде!
📍 Іс-шара Атырау қаласында өтеді.
🎫 Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Өнер сүйер қауым, ерекше әсер мен рухани шабыт сыйлайтын бұл қойылымдарды жіберіп алмаңыз!