Қала ішінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және қоғамдық көліктің сапасын арттыру мақсатында жаңа тасымалдаушы компания қосымша бағыттар ашуда. Жақын күндері Атырауда жеті жаңа автобус бағыты жұмысын бастайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жаңа бағыттар тізімі: №61, №64, №66, №67, №69, №70. Олардың ішінде №64 және №67 автобустары ертеңнен бастап жолаушыларға қызмет көрсетеді. Қалғандары қазан айында кезең-кезеңімен іске қосылмақ.
Қазіргі таңда қала аумағында барлығы 32 бағыт бойынша 240 автобус тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Ақтілек Базарбаева