Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы басталды

Атырауда дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Saraishyq Upgrade — 2025» халықаралық жастар форумы өз жалауын көтерді. Биылғы жиынға еліміздің барлық өңірінен бөлек, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген 14 пен 35 жас аралығындағы 300-ден астам жас қатысуда.

Форум аясында креативті индустрия, заманауи технологиялар және жастар саясаты бағыттары бойынша танымал сарапшылар мен мамандар шеберлік сабақтарын өткізеді. Қатысушылар кино, музыка, IT, жасанды интеллект, маркетинг, театр және хореография салаларында өзара тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар, әр бағыт бойынша байқаулар ұйымдастырылып, үздік деп танылған алты жасқа 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталмақ.