Атырау қаласында 18–35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Атырау қаласының мансап орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Жәрмеңке “APEC PETROTECHNIC” жоғары колледжінде өтті. Шараға 35-ке жуық мекеме қатысып, түрлі сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Жастар компания өкілдерімен тікелей сөйлесіп, өз мамандығына сай жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарды еңбек нарығына бейімдеу және тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.
Ақтілек Базарбаева