Бүгін Атырау қаласынан Италияның Милан қаласына алғашқы тікелей әуе рейсі іске қосылды.

Таңертеңгі әуе сапарына алғашқы 33 жолаушы тіркеліп, жаңа бағыттың тұңғыш рейсімен жолға шықты.Жаңа бағыттың ашылуы өңірдің халықаралық байланысын кеңейтіп, шетелге тікелей шығуға қолайлы мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл маршрут экономикалық, мәдени және туристік ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Алдағы уақытта рейс тұрақты түрде орындалып, жолаушылар үшін ыңғайлы халықаралық қатынасқа айналмақ.
Ақтілек Базарбаева