Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Айдос Бикбульсинов – Азия және Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

МС «Nomad MMA» спорт клубының спортшысы Бикбульсинов Айдос Баянгалиевич 2024–2025 жылдар аралығында өткен бірқатар халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның атын әлем аренасында тағы бір мәрте асқақтатты.
 
Айдос соңғы екі жыл ішінде төрт ірі чемпионатта 1-орын иеленді:
• 04.04.2024 – Қазақстан чемпионаты, 1 орын
•  10.15.2024 – Әлем чемпионаты, 1 орын
•  04.06.2025 – Қазақстан чемпионаты, 1 орын
• 10.17.2025 – Азия чемпионаты, 1 орын
 
Соңғы өткен Азия чемпионаты аясында 16 мемлекеттен келген 800-ге жуық спортшы бақ сынады. Осы жарыста Айдос қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, құрлық чемпионы атағын жеңіп алды.
 
«Nomad MMA» спорт клубының бапкерлері мен әріптестері Айдостың бұл жеңісін үлкен жетістік деп атап өтті. Оның табандылығы, дайындыққа деген жауапкершілігі мен жеңіске деген жігері жас спортшыларға үлгі болуда.
 
Айдос Бикбульсиновтың жетістігі – еліміздің спорт саласының қарқынды дамуы мен жас буынның халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын дәлелдейді.

Ақтілек Базарбаева