Атырауда «Жұмысшы маман жылы» аясында «Мықты маман – мықты ел» атты суретшілердің республикалық онлайн-симпозиум көрмесі өтті.
Шараға Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Астана және Павлодар қалаларынан келген 15 қылқалам шебері қатысты. Суретшілер еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін өнер тілімен бейнелеп, өз туындыларын көрермен назарына ұсынды.
Көрме Атырау облысы әкімдігі мен облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен өтті.
Бұл көрме – еңбек адамдарының еңбегін дәріптеп, «Жұмысшы маман жылының» маңызын айқындай түскен ерекше мәдени шара болды.
Ақтілек Базарбаева