Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысының үздік студенттері марапатталды

Бүгін Атырауда жастар үшін маңызды шара өтті. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Филармонияда «Student Awards 2025» марапаттау кеші ұйымдастырылып, өңірдің ең белсенді әрі талантты студенттері арнайы марапатқа ие болды.

Шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асатын «Atyrau Students Union (ASU)» жобасының қорытындысы ретінде өтті.

Жыл бойы ASU аясында өткен іс-шараларда көзге түсіп, жетістікке жеткен оқу орындары мен студенттер төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

Бұл кеш — жастардың жетістігі мен белсенділігін мойындаған қуанышты сәт болды.

Ақкүн Серікқызы