2025 жылғы 1–14 қараша аралығында Таиландтың Бангкок қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатында біздің өңірден шыққан спортшылар да мерейімізді асқақтатты.
Бангкок қаласында ұйымдастырылған осы беделді жарыста Атырау облысының джиу-джитсу шеберлері бір алтын, бір күміс және бір қола жүлдені қанжығасына байлады.
Арнайы атап өтер болсақ:
- Қайыржан Әділ (Сағыз БЖСМ, 48 кг салмақ категориясы) — қола жүлде иегері.
- Сүйекенов Болашақ (№3 БЖСМ) — күміс жүлдегері.
- Жанболатұлы Берікбол (Сағыз БЖСМ) — алтын жүлдені жеңіп алып, еліміздің мерейін жоғары етті.
Осылайша, біздің өңірдің жас спортшылары жоғары деңгейдегі халықаралық жарыста аймақ намысын абыройлы қорғап, Қазақстанның атын асқақтата білді. Алдағы уақытта да осындай сәттіліктер жалғаса бере берсін деп сенеміз.
Ақтілек Базарбаева