Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Қарттар күніне орай “Ретро сазы” атты ерекше концерт өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №4 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарттарға арналған “Ретро сазы” концерттік іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Атырау қаласының блогерлері, белсенді жастары және жас кәсіпкерлері қатысты.

Мерекелік кештің басты ерекшелігі – ретро стилінде әсем әндердің шырқалып, қарттарға рухани қуаныш сыйлануы болды. Ән әуендерімен қатар жылы лебіздер айтылып, ата-әжелерімізге құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, шара барысында Атыраулық кәсіпкер, блогер Бану Гайдардың “Еркесылқым” сән үйінің ұлттық киімдерімен сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Ерекше форматта өткен бұл қойылымда қарттарымыз сахнаға шығып, сән әлемінің көрерменіне айналды. Бұл сәт ата-әжелеріміз үшін ұмытылмас, ерекше әсер сыйлағаны анық.

Жастардың құрметіне бөленген қариялар мерекелік іс-шарадан үлкен әсер алып, көңілдері көтерілді. Кеш соңында қарттар жастарға ақ баталарын беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

“Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Оларға көрсетілген әрбір қамқорлық – жастар үшін үлкен өнеге”, – дейді шараға қатысушылар.

Ақтілек Базарбаева