Атырау Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда республикалық сумо-робот турнирі өтуде

Атырау қаласында республикалық сумо-робот турнирі үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биылғы додаға Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан келген 13–24 жас аралығындағы 100-ден астам жас қатысуда. 

Турнир «JasUP mega Sumo» білім беру және спорттық робототехника федерациясының АОФ «JasUP» жобасы аясында өткізілуде. Жоба Атырау облысындағы жастар мен педагогтердің техникалық және инновациялық әлеуетін арттыруды көздейді.

– Робот турнирі Жапонияның ұлттық спорты – сумо күресінің қағидаларына негізделген. Яғни роботтар арнайы алаңда бір-бірімен сайысқа түсіп, қарсыласын шеңберден шығару арқылы жеңіске жетуі тиіс. Жобаның негізгі мақсаты – заманауи технологиялар арқылы жастардың білімін тереңдетіп, инженерлік және цифрлық дағдыларын дамыту. Бағдарлама аясында тегін оқыту курстары, сала мамандарының қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қатысушылар чемпионаттар мен турнирлерге, хакатондар мен түрлі жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады, – деді «KazRobotics» білім беру және спорттық робототехника федерациясының АОФ директоры Асқар Алдан.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иегері халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Айта кету керек, алдыңғы жылдары да бұл турнирде атыраулық қатысушылар үздік нәтиже көрсетіп, бүгінде республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр.

Ақтілек Базарбаева