- Толығырық
- Автор: Ақтілек Базарбаева
- Категория: Жаңалықтар
- Көру саны: 16
Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылында көптен күткен маңызды нысан – жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. 200 орындық зәулім ғимараттың ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.
Жаңа мәдениет үйі – тек архитектуралық нысан ғана емес, ауыл өміріне жан бітіретін, өнер мен білімнің тоғысар орны. Ғимаратта кең акт залы, заманауи кітапхана, шығармашылық үйірмелерге арналған арнайы кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар, ауласы толық абаттандырылып, заманауи талаптарға сай безендірілген.
– Бұрынғы мәдениет үйі Кеңес кезеңінен қалған, ескірген ғимарат болатын. Қазіргі таңда тұрғындарға заманауи, ыңғайлы әрі шабыт беретін орта қажет. Бұл мәдениет үйі ауыл жастарына өз талантын дамытуға, ал өнерпаздарға шығармашылығын шыңдауға үлкен мүмкіндік береді. Ауыл мен қалада инфрақұрылым тең дамуы тиіс. Өркениеттің бастауы – мәдениеттен, – деді Шәкір Кейкін өз сөзінде.
Айта кетейік, дәл осындай мәдениет үйі жақын күндері Алмалы ауылында да есік ашады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Атырауда 200, Тасқала ауылында 300 орындық мәдениет нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Ақкүн Серікқызы
- Толығырық
- Автор: Ақтілек Базарбаева
- Категория: Жаңалықтар
- Көру саны: 24
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №4 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарттарға арналған “Ретро сазы” концерттік іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Атырау қаласының блогерлері, белсенді жастары және жас кәсіпкерлері қатысты.
- Толығырық
- Автор: Ақтілек Базарбаева
- Категория: Жаңалықтар
- Көру саны: 150
Алматыда тарихи ойын өтті. Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясында әлемнің ең беделді командаларының бірі, турнирдің 15 дүркін жеңімпазы – «Реал Мадридті» қабылдады.
- Толығырық
- Автор: Ақтілек Базарбаева
- Категория: Жаңалықтар
- Көру саны: 24
Қала ішінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және қоғамдық көліктің сапасын арттыру мақсатында жаңа тасымалдаушы компания қосымша бағыттар ашуда. Жақын күндері Атырауда жеті жаңа автобус бағыты жұмысын бастайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
- Толығырық
- Автор: Ақкүн Серікқызы
- Категория: Жаңалықтар
- Көру саны: 11
Атыраудағы сауда орындары кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр. Қаладағы төрт ірі базардың екеуі – «Көктем» мен «Аламан» толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Ал «Дина» мен «Мерей» базарларында құрылыс әлі де жалғасуда.